Ертегілер еліне саяхат


Мақсаты: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету.
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз, кейде өлең түрінде айтылады.
Оқушыларға сөзжұмбақ жасырылды және де ертегіден үзінді оқылды, ертегінің атын тауып және жалғастырып айтты. Сурет бойынша ертегілердің атын тапты. Балалар «Бауырсақ» ертегісін сахналады. Сабаққа барлық оқушылар белсене қатысып отырды.
 
фото фото фото
фото фото фото
фото фото фото
Кітапханашы: Құсайынова М.Ж.